Балалардың жолдағы қауіпсіздігі: полицейлер ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндірді

Сурет: ҚР ІІМ
Баланың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері елордалық тұрғындарға осы мәселенің маңыздылығын түсіндірді. Бұл істе тәртіп сақшыларына "Q88" аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу орындарының алдында полиция қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге балаларды тасымалдау кезінде ережелерді сақтау қажеттігі туралы профилактикалық акция өткізді.

Биыл 10 айда жол апатында 267 бала көз жұмған. Олардың жартысынан көбі автокөліктерде жолаушы болған. Басым көпшілігін ересектер қауіпсіздік ережелерін бұза отырып тасымалдаған, яғни арнайы орындықты, адаптерлер мен ұстағыштарды пайдаланбаған.

Айта кетейік, заңнама бойынша елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөліктерде тасымалдау үшін балаларға арналған автокреслоларды пайдалану міндетті болып табылады.

Бұл балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар апаттылықты азайту мақсатында ел мектептерінде қозғалыстың жас инспекторлары отрядтары құрылған. Олар полицейлермен бірге қатарластарына жол жүрісі қағидаларын үйретіп жатыр.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді