Астанада күмәнді ет сатқандар анықталды

Фото: Zakon.kz
Астанада ет өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан екі кәсіпорын анықталды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алған.

Етті өңдеу рұқсат құжаттарынсыз және антисанитарлық жағдайларда жүргізілгені белгілі болды.

Сондай-ақ, тағы бір тұрғын өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.

Тәркіленген еттің сапасын тексеруге сараптама тағайындалды. Заңбұзушылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз