СҚО-да полицейлер мен жол ұйымының қызметкерлері қамыс арасынан көлікті сүйреп шығарды

Сурет: polisia.kz
СҚО-да полицейлер Жамбыл ауданынан Renault Duster автокөлігімен келе жатқан 37 жастағы жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 16 желтоқсан күні Мамлют ауданында Мамлютка — Қостанай автожолының бесінші шақырымында көпірден төмен қарай бет алмақ болғанда көлік тізгініне ие бола алмай, жол бойындағы қамыстың арасына түсіп кеткен.

Автокөлік жүргізушісі өз бетімен көлігін омбы қардан шығара алмады. Оны жол үстіне шығару үшін ДЭУ-67 мекемесінің басшылығы ұсынған ауыр техника қажет болды.

Тәртіп сақшылары құтқару жұмыстары кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы