Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды

Фото: Zakon.kz
Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды. Хорватия, Словения, Сербия, Солтүстік Македонияға жауған 80 см-лік қар көлік қозғалысын қиындатып, тасжолдар жабылды.

Қалааралық теміржол қатынасы тоқтады. Бораннан Боснияда 200 мыңнан астам үйдің тұрғындары бірнеше сағат жарықсыз, жылусыз қалды. Ауа райының қолайсыздығынан мектептерде сабақ болмай, бірқатар кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Синоптиктер "қар әлі бірнеше күн жауады" деп ескертуде.

Қар толассыз жауып жатыр, ағаштар ауыр салмақты көтере алмай құлауда. Сондықтан халыққа жолға шықпай, үйде отыруға кеңес береміз. Драшко Станивукович, Баналуке қаласының әкімі

Жолды тазалап үлгермей жатырмыз. Тасжолда көліктер 12 сағат тұрып қалды. Сондықтан бірқатар аймақта төтенше жағдай жарияланды,  деп жазады Нави Аличих, Азаматтарды қорғау басқармасының директоры.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды