Алматыда балаларға күйген картоп жегізген балабақша қызметкерлері сөгіс алды

Сурет: КТК телеарнасы
Алматыдағы мемлекеттік балабақшада балалардың күйіп кеткен картоп жеуіне жол бергендер жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл асты кішкентайларға ұсынғаны үшін №166 балабақшаның меңгерушісіне сөгіс жарияланған. Басшымен қоса, мекеменің тағы үш қызметкері жауапкершілікке тартылды

"Балабақша қызметін, соның ішінде тамақтандыруды, тексеру қорытындысы бойынша Алматының білім басқармасына қарасты №166 балабақша меңгерушісіне өз міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін сөгіс жарияланды. Аспаз, тамақ сапасын тексеретін мейірбике және тәрбиеші өз міндетін орындауда жауапсыздық танытқаны үшін сөгіс алды". Алматының білім басқармасы

Еске салайық, алдыңғы аптада балабақша тәрбиеленушілеріне қап-қара болып күйіп кеткен картоп бергенін бір ана байқап қалып, суретке түсіріп алған болатын. "Қара фри жедік" деген балалар осыдан соң өзін жайсыз сезініпті. Бірі құсып, енді бірінің іші ауырды дейді ата-аналар. Олар балабақша асханасынан күйген тамақтың иісін жиі сезетінін де айтты. Кейбір бала астан бас тартып, үйіне аш қайтып жүрген.

Осыдан соң баласының денсаулығына алаңдаған жұрт шу шығарып, мемлекеттік мекемеде тексеріс басталған-ды. Оның қорытындысын Білім басқармасы жариялаған жоқ. Тек кінәлілердің қандай жаза арқалағанын мәлімдеді. Негізі, қуырылған тағам балабақша мәзірінде мүлдем болмауы тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды