"Әуежайда досын шығарып салған". Шымкенте 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

Сурет: ontustik tv
Шымкенте 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Бәйдібек Ақмырзаұлынан 10 күннен бері хабар-ошар жоқ. Кейінгі рет қаладағы әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ontustik tv телеарнасының хабарлауынша, жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алуға барған.

Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған. 15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы мыңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған.

"Кейінгі рет әкесімен WhatsApp желісі арқылы ауылға қайтатынын айтып, байланысқа шыққан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ", - дейді жақындары.

Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, яғни 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған.

Шымкент полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.

"16 қаңтарда полицияға 2004 жылы туылған ер адамның хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Арыз тіркеліп, іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматты анықтауға бағытталған іс-шараларға полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылды. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Жігіттің денсаулығында ешқандай ақау жоқ, жат әдеттерден аулақ", - дейді. Шымкент полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева

Бәйдібек Ақмырзаұлы музыкалық колледжде білім алып, әскери борышын да бір жыл бұрын өтеп келген.

Орта бойлы, арық денелі, қара торы жігітті көрген-білгендер болса, төмендегі байланыс номерлеріне хабарласа алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі