Астана полицейлері ірі сауда желісіндегі жабдықты жаппай ұрлау фактілерін ашты

Сурет: pixabay
Астана қалалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен ірі сауда желілерінің біріне тиесілі тауарлар мен материалдарды ұрлау схемасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрондық сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 млн теңгеден астам тауарды ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынған техника еліміздің бірнеше қалаларында сатылған.

20-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша жүргізілуде", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді