Дәурен Ерғарин ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Алексей Калайчидидің орнына келді

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Калайчиди лауазымынан босталды. Оның орнына Дәурен Ерғарин тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылғы 17 ақпанда Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.

Оның орнын Дәурен Ерғарин басты.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды".Ақорда

Сурет: akorda.kz

Алексей Дмитриевич Калайчиди -1963 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын "Тау-кен инженері", 2008 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Сурет: Facebook/Дәурен Ерғарин

Дәурен Тілекұлы Ерғарин - 1982 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. (2002), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған (2006).

Бұған дейін Нұрдәулет Төлеев президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылғаны, оның орнына Ербол Адаевтың келгендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды