Алматыда алаяққа алданған ата-аналар соттың созылып кеткеніне наразы

Фото: pexels
Алматыда балаларын шетелдің үздік оқу орындарына түсіреміз деп алаяққа алданған ата-аналар соттың созылып кеткеніне наразы. Олар не балаларын оқыта алмай, не құйған қаржысын қайтара алмай жүр.

Алданғандар "Zeyn QOI" оқу орталығына кемі 1 млн 500 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін төлеген. Көпшілігі екі жылдан бері ақшасын даулап жүр. Компания шетелде балаларыңыздың тегін оқуына көмектесеміз деп сендірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір оқу орталығының басшысы күдікті деп танылып, іс сотқа жеткенімен, құжаттар толық емес деген желеумен қайта-қайта кейінге шегеріледі деп ата-аналар шағымданып отыр. Әділдік іздеген жұрт Бостандық аудандық сотына жүгінді.

"Заңнамаға сәйкес аталған заң бұзушылықты анықтау мақсатында іс прокурорға қайтарылды. Соның ішінде арыз түсіріп, бірақ айыптау актісінде табылмаған немесе айыптау актісінде болып, арыз жазбаған жәбірленушілер де бар. Сот шығынға ұшырап, зардап шеккендердің құқығын қалпына келтіреді." Роман Селицкий, Бостандық ауданы №2 сотының төрағасы
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады