Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің ресми саны белгілі болды

Фото: unsplash
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 072 шетелдік азамат жұмыс істейді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) хабарлады.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 787 және 987 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 672 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 530 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 710 жұмыс беруші бар. Оларда 383,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6% – ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 343 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 360 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 338 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 089, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 688 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 778 адам, Түркия – 1 158 адам, Үндістан – 1 121 адам, Өзбекстан – 623 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% немесе 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті