Абай облысындағы шенеуніктер шетінен жазаланып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Абай облысындағы шенеуніктер шетінен жазаланып жатыр. Тәртіп сақшылары қызметіне салғырт қарап қар күремеген 17 басшыға әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, өңірдегі ауылдарда көше қыс бойы жауған қардан тазартылмай, көлік қозғалысына кедергі келтіріп жатыр.

Қар басқан көшелерде жарық та жоқ. Жол ережесін бұзған жүргізушілерден де шағым көбейген. Сақшылар қар тазалауға салғырт қарағандарға әуелі ауызша ескерту жасаған. Ал оған құлақ аспағаны шетінен жазаланып жатыр.

Айыппұл арқалағандардың ішінде Семей қаласы мен Көкпекті, Жарма ауданының коммуналдық бөлімнің мамандары бар. Ал жұмысына салғырт әкімдердің әрқайсына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

"Әкімшілік жауапқа, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары Шүлбі ауыл округінің әкімі, Үржар ауданына қарасты Таскескен ауылының әкімі, Көкпекті ауданы Преображенское ауыл округінің әкімі, Ақсуат ауыл округі әкімінің орынбасары, Прииртышск ауылы әкімінің міндетін атқарушы жауапқа тартылды".Абай облысы полиция департаменті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ардақ Орымбеков
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды