Қорғаныс министрлігі Armia.kz қосымшасының не үшін қажет екеніне жауап берді

Фото: pexels
Armia.kz мобильді қосымшасы әскерге шақырылғандар мен олардың ата-аналарына қолжетімді болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 25 ақпанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев мәлім еткендей, Armia.kz қосымшасы барлық телефондарға жүктеліп, ата-аналар мен әскери бөлімдер арасында байланыс орнатылады.

"Нақты уақыт режимінде аналар мен туыстары командир, тәрбиеші және әскери қызметші жауынгерлік дайындықтан бос уақытында кез келген уақытта сөйлесе алады. Яғни, бұл "қалтаңдағы әскер" – әрқашан нақты уақыт режимінде байланыста", – деді Тілеухан Басқожаев.

Туыстары сарбаздардың қызмет ету жағдайымен, медициналық тексеруден өтуімен, тамақтануымен таныса алатынын атап өтті. Тегін қосымшаны әскерге шақырылғандар әзірлеген.

Бұған дейін 2025 жылы 42 мыңнан астам қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылатыны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті