"Пәтер алып беремін": ШҚО-да тұрғындарды 56 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында алты жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болған.

Жәбірленушілер полицияға бір әйелдің мемлекеттік бағдарлама арқылы арзан баспана алып беремін деп уәде етіп, олардан ірі көлемде ақша алғанын туралы өтінішпен жүгінген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, алаяқтық схеманың басы Өскемен тұрғынының әріптесіне өзінің анасын байланыс нөмірін ұсынып, оның баспана алуға көмектесе алатынын айтқан.

Аталған ақпарат "сарафан радиосы" арқылы тарап, таныстар мен туыстар да осы көмекшінің қызметін пайдаланғысы келген.

Азаматтар күдіктіге миллиондаған теңге берген, алайда уәде етілген пәтерлердің кілті табысталмаған. Кейіннен әйел адам байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жалпы шығын 56 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты