Атырау облысында жол апатына салдарынан пойыздар кешігіп жатыр

Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
2025 жылғы 1 наурызда Атырау облысында Теңдік станциясындағы теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушінің кінәсінен жүк пойызымен соқтығысты. Оқиға салдарынан локомотив пен 11 бос жүк вагоны рельстен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ келесі алты жолаушылар пойызының кешігіп жатқаны туралы хабарлады:

Атырау әкімдігі жолаушыларды уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Атырау станциясынан Қаработан станциясына дейін және кері бағытта арнайы автобустар ұйымдастырды.

"Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды тамақпен қамтамасыз ету шараларын қолға алып, пойыз қозғалысының жай-күйі туралы SMS-хабарламалар және вокзалдардағы ақпараттық тақталар арқылы жедел мәлімет таратуды жүзеге асырып жатыр", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі

Жолаушылар пойыздарының кідірісі туралы толық ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне хабарласуға болады.

Қазіргі уақытта Теңдік станциясындағы теміржол өткелінде болған оқиғаның салдарынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қозғалысты тезірек қалыпқа келтіру мақсатында арнайы пойыз жөнелтілді.

Пойыздың бір сағаттан астам кідірісі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының теміржол көлігімен жолаушыларды, жолжүктi, жүк-жолжүктi және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау қағидаларына сәйкес, жолаушыларға келесі төлемдер қарастырылған:

Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойызы кешіккен жағдайда өтемақыны "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның билет кассаларынан жолаушының өтініші бойынша алуға болады.

"Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыз қозғалысын тезірек қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", - деп хабарлады ҚТЖ.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді