Шымкентте "SOS" батырмалары іске қосылды

Сурет: ҚР ІІМ
Азаматтардың полициямен жедел байланысқа шығуына мүмкіндік беретін дабыл түймелер жүйесі қаланың халық көп шоғырланатын орындарында орнатылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылғы арқылы бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығымен аудио және бейне байланыс қосылады.

Әр "SOS" батырмасы камера, микрофон және динамикпен жабдықталған, бұл операторға қоңырау шалушыны көруге, естуге және полиция наряды келгенге дейін қажетті нұсқаулықтар беруге мүмкіндік береді.

Дабыл түскен бойда ЖБО инспекторы жақын маңдағы патрульдік жасақты немесе учаскелік полицейді оқиға орнына жібереді.

"SOS" батырмалары көп адам жиналатын қоғамдық орындарға орнатылып, қылмыстың алдын алу және қауіпсіздікті күшейту мақсатын көздейді.

Айта өтсек, бұл құрылғылар вандализмге төзімді етіп жасалған. Жақын арада қала аумағында қосымша 50 құрылғыны орнату жоспарлануда. Бұл төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр