Синоптиктер Астана мен тағы 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең, 3 сәуірде Астана мен тағы 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні - 18 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды