Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылуда.

Дегенмен, полиция қызметкерлері көлік нөмірлерін жасыру әрекеттеріне қатысты өрескел бұзушылықтарды тіркеуді жалғастыруда.

Осылайша, рейд барысында мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырып жүрген ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Оның мақсаты – камералар түсіретін заң бұзушылықтарды болдырмау және жауапкершіліктен құтылу. Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамаққа алу шарасын қолданды.

Полиция, нөмірді жасыру қауіпті бұзушылық, тіпті одан да ауыр қылмысқа әкеп соқтыруы мүмкін екенін еске салады. Бұзушылық – әрқашан үлкен мәселенің басы.

"Өз әрекетін жасыруға тырысатын кез келген жүргізуші басқаларға қауіп төндіруі мүмкін. Біз жеке жауапкершілікке шақырамыз. Олқылық іздемеңіз – ережелерді сақтаңыз. Тек осылай ғана жолдарды шынымен қауіпсіз ете аламыз", – деді Алматы okқалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы жалғасуда. Алматы полициясы тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты күшейтіп, әрбір мұндай жағдайда жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс