Қазақстанда "Батырларға тағзым" атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында "Батырларға тағзым" атты бірегей онлайн-порталын іске қосты.

Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізу.

Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар. Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 "Даңқ" орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған. Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл портал тарихты болашақ ұрпақ үшін сақтап, батырларға тағзым етіп, құрмет көрсетуге арналған платформа қызметін атқарады.

Онлайн-порталды пайдаланушылар:

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай республика бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі