Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасының кеңесшісі, цифрлық трансформация жетекшісі Бинұр Жаленов телефон нөмірі мен бірыңғай QR-код арқылы банкаралық аударымдар жобасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ұлттық банк әзірлеген жүйе 2024 жылдың 15 қарашасынан бастап пилоттық режимде іске қосылды.
"Қазіргі уақытта банктерді кезең-кезеңімен қосу жүріп жатыр. Бүгінгі күні Ұлттық төлем корпорациясы, осы жүйенің операторы, 9 банкпен келісімшарт жасады. Маусым айында алғашқы бес банк клиенттері үшін телефон нөмірі арқылы банкаралық аударымдар қолжетімді болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл банктердің тізімі: Halyk, Freedom, RBK, Altyn және Home credit", – деп атап өтті Бинұр Жаленов Ұлттық банктің брифингінде.
Бұған дейін Чехияда туристердің алтынға толы жәшік тауып алғандығы хабарланған болатын.