Ерлан Карин: Алты жыл ішінде Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны 22 есеге азайды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қаралды.

Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан азаматтығы институтының беделін арттырудың тұрақты үрдісін атап өтті:

"Еліміздің азаматтығынан шығуға тілек білдірушілер санының қысқару тенденциясы жалғасуда. Соңғы алты жылда Қазақстан азаматтығынан шығуға тілек білдірушілер санының тұрақты азаюы тіркелді. Мәселен, 2019 жылы азаматтықты тоқтатудың 1,7 мың жағдайы болса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, 2024 жылы – 77 адам болған. Осылайша, алты жыл ішінде Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны 22 есеге азайды. Бұл фактілер Қазақстан азаматтығы институтының беделінің артқанын және азаматтардың ел болашағына деген сенімін айғақтайды".
Қазақстан
Астана
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды