Абай облысында қос азаматтықтың 12 фактісі анықталды

Фото: Zakon.kz
Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша бірқатар азамат жауапқа тартылды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейді.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 3-бабына сай, еліміздің азаматы өзге мемлекеттің азаматтығында қатар жүре алмайды.

Егер қазақстандық азамат басқа елдің азаматтығын алса, ол 30 күнтізбелік күн ішінде бұл жайында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе консулдық мекемелерге хабарлауға міндетті.

Бұл талапты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберіледі.

Жыл басынан бері Абай облысында осындай 12 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде алты шетелдік елден шығарылса, қалған алтауы айыппұл төледі.

Сондай-ақ биылғы алты ай ішінде облыстың көші-қон қызметі басқармалары мен бөлімшелері 269 азаматтықтан шығу туралы өтінішті тіркеген.

Оның ішінде 263 өтініш Ресей Федерациясының азаматтығына, қалғандары АҚШ, Түркия, Қырғызстан және Чехия азаматтығын алуына байланысты берілген. Полиция азаматтарды заң талаптарын бұзбауға, қос азаматтықты жасырудың ауыр құқықтық салдары болатынын ұмытпауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды