Ақтөбеде Қорғаныс министрі "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрі ел тарихы мен оның рухани мұрасына ұқыпты қарау қажеттігін, сондай-ақ қазақ батырларының ерлік дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов балаларға белсенді өмірлік ұстанымы, әскери-қолданбалы пәндерді табысты меңгергені және жеңімпаз болуға ұмтылғаны үшін алғыс білдірді.

"Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Оны көздің қарашығындай сақтау – әр азаматтың міндеті. Сендер нағыз патриотсыңдар. Бүгінгі жиынға қатысу үшін мұқият іріктеуден өттіңдер. Дүбірлі додада жоғары нәтиже мен жеңіс тілеймін, – деді ол.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жылы шырайлы жүздесуде Қорғаныс министрі "Жас сарбаз" қозғалысы тәрбиеленушілерінің сұрақтарына жауап беріп, оларға сәттілік тіледі.

Ақтөбеде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командаларының жарыстары өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Қытайлық делегация жиынға бақылаушы ретінде қатысуда.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жиынның ашылу күні қонақтар мен қатысушыларға тартымды мәдени-танымдық бағдарлама дайындалды. Шара аясында қазақстандық "Жас сарбаз" балалар үрмелі аспаптар оркестрінің тұсаукесері өтті.

Суоет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мерекелік концерттен соң әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған көрмеге қатысты.

Қатысушы мемлекеттердің атынан "Айбын – достық мекені" атты мобильді интерактивті көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен елімізде тұратын этностардың түрлі мәдениеттерімен және салт-дәстүрлерімен танысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды