Алматыда Тимирязев және Желтоқсан көшелерінің кей жері уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Zakon.kz
Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Осыған орай, 22 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 23 шілде күні сағат 22:00-ге дейін Тимирязев көшесінің Байтурсынов көшесінен бастап, әрі қарай Желтоқсан көшесі арқылы Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.

Ал 23 шілде күні сағат 08:00-ден 24 шілде күні сағат 22:00-ге дейін Желтоқсан көшесінің Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығы жабық болады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым жетекшісінің байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысына қатысты шектеу жайлы мәліметтер @AlmatyJoly Telegram арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді