Алматы тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Сот шешімімен "Таулы Қырат" ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жеке меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тау бөктерінде үй салған. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары кезінде аталған аумақтарға жол салу үшін тау бөктерінің етегі кесіліп, экожүйеге залал келтірілген.

"Басқарма жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама беріп, меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, басқарма сотқа мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз берген.2024 жылы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот қаулысы Алматы қаласының әділет департаментіне орындауға жіберілген", делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында жуырда меншік иесі заңсыз нысандарды өзі бұзып тастады.

Бұған дейін Алматының тау бөктерінде салынған таунхаус сүріліп жатқаны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі