Елордада көліктен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласының полициясына жергілікті тұрғын көлігінен ақша ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтады.

Ер адам көпқабатты үйдің ауласында көлігін тоқтатып, артқы есіктерін жабуды және дабыл(сигнализацияны) қосуды ұмытып кеткен.

Жедел уәкілдер қылмыскер қалдырған іздерді тексеріп, куәгерлерді анықтап, олардан жауап алды. Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол Lada Priora автокөлігіне жабылмаған есік арқылы кіріп, ішіндегі ақшаны жасырын түрде ұрлап кеткен. Күдікті тергеу барысында көліктің жанынан өтіп бара жатып, артқы есіктің жабық еместігін байқап қалғанын айтты.

Сол сәтте оның бөтеннің мүлкін заңсыз иемденіп, өз қалауынша пайдалану туралы қылмыстық ойы пайда болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіуақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын мүліктік қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін өз заттарыңызды мұқият бақылап, көліктеріңізді жаппай, бағалы заттарды көзге түсетін жерде қалдырмаңыздар.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды