Каспийден бөгде әрі қауіпті фитопланктон табылды

Сурет: vniro.ru
Каспий теңізінен жаңа балдыр түрі табылды. Ғалымдар оның теңіздегі зоопланктонға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы ресейлік балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институтының Еділ-Каспий филиалының мамандары кейінгі жылдары Каспийде инвазивті түрлердің (жергілікті экожүйеге қауіп төндіретін бөгде түрлер — ред.) саны күрт көбейгенін атап өтті. Бұл құбылыс бөгде түрлердің бассейнге ену жолдарының кеңеюімен және климаттың өзгеруімен байланысты.

Мәселен, 2024 жылы Орта Каспийде фитопланктон сынамаларынан Ceratium tripos var. balticum атты динофитті балдырлардың жаңа түрі анықталған. Ол кезде әр сынамада 3-10 жасуша кездессе, 2025 жылғы сынамаларда бұл көрсеткіш 200 жасушаға дейін жеткен.

Ғалымдар мысал ретінде 1934 жылы табылған өзге бір бөгде балдыр түрін келтірді. Оның ірі көлемі зоопланктоннан қорғануға мүмкіндік берген, ал сол уақытта жергілікті балдырлар белсендірек жойыла бастаған. Жаңа табылған Ceratium tripos var. balticum көлемі жағынан бұдан да асып түседі. Ғалымдар бұл жағдай зоопланктон үшін қолжетімді азық фитопланктонның азаюына және зоопланктон биомассасының қысқаруына алып келуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

"Динoфитті балдырлар жылы маусымда белсенді дамитынын ескерсек, келешекте бұл бөгде түр жасушаларының саны артатыны анық. Жаңа түрді зерттеу және оның Каспий теңізі экожүйесіндегі планктон қауымдастықтарына ықтимал әсерін бағалау келесі экспедициялық зерттеулер аясында жалғасады", - деп түйіндеді зерттеушілер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты