"Астана Аренада" өтетін Jennifer Lopez концерті кезінде қозғалыс уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
1 тамыз күні елордадағы "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Jennifer Lopez өзінің "Up All Night" атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауқымды концерттің өтуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың ыңғайлы келіп-кетуі мен қозғалысын ұйымдастыру мақсатында "Астана Арена" стадионы маңындағы "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағынан автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлікті келесі орындарға қоюға болады: "Алау" мұз сарайы, "Барыс Арена" мұз айдыны, "Сарыарқа" велотрегі, Ботаникалық бақ (Бұқар жырау және Орынбор көшелері жағынан), Керей мен Жәнібек хандар көшесі және басқа да тұрақ орындары.

Jennifer Lopez концертіне келушілердің ыңғайлығы үшін қала бойынша бес орыннан "Астана Арена" стадионына және кері бағытта қатынайтын арнайы шаттл-автобустар қатынайды:

Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды. Кептелістер мен тұрақ мәселесіне тап болмас үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен қатынағаны жөн.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды