Алакөлде жасөспірім достарының көз алдында суға батып кетті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтар жиі демалатын Алакөл жағалауында қайғылы оқиға болды. 17 жастағы бозбала достарының, сондай-ақ әлеуметтік желілерде айтылғандай, туыстарының көз алдында суға батып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол құтқару жилетінсіз қайықтан суға секірген.

2025 жылғы 7 тамыздағы сұрауға жауап ретінде Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі катер иесі – 32 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.

Ол адам өліміне әкеп соққан немқұрайлылық бабы бойынша күдікке ілінді.

"Шомылуға арналмаған аумақта, жағадан шамамен 500 метр қашықтықта 17 жастағы жасөспірім катерден құтқару жилетінсіз суға секіріп, батып кетті", - деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы