Абай облысы арнайы қордан 10 миллиард теңгеден астам қаражат алады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобалары жүзеге асырылуда. Бұл туралы 2025 жылғы 11 тамызда Zakon.kz сайтына ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылуда, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізілетін болады.

Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды