Астанада 25-тен астам талапкерді алдаған алаяқ ұсталды

Сурет: freepik
Астана полицейлері 34 жастағы ер адамды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Ол магистратура мен бакалавриатқа оқу бойынша мемлекеттік грантқа түсіріп беремін көмектесемін деп уәде беріп, жиырмадан астам талапкерді алдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқ құрбандарын таныстары арқылы тапқан.

Телефон арқылы сенімді түрде кеңес беріп, оқуға түсуге кепілдік берген, қызметі үшін ірі көлемде ақша талап еткен.

Ақша делдалдар арқылы берілгеннен кейін, күдікті байланысқа шықпай кеткен.

"Мәселен, жәбірленушілердің бірі магистратура гранты үшін оған 1 миллион теңге берген. Ақшаны алған соң алаяқ жасырынған. Қазіргі уақытта оның жеке тұлғасы анықталып, күдікті ұсталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Астана полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полиция білім гранттары тек конкурс негізінде берілетінін еске салды. Ережені айналып өтіп, грант алу мүмкін емес. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі