Қазақстандық колонияда жасырын кездесулер ұйымдастырғаны үшін 8 жылға қосымша мерзім алды

Фото: Zakon.kz
Қазақстандық темір тордың ар жағында экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін қосымша ауыр мерзім алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты түрменің ар жағында отырып, ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндіру бойынша айып тағылған азаматтың ісін қарады.

Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың сәуір мен мамыр айы аралығында Шымкент қаласы бойынша департаменті No54 түзеу мекемесінің аумағында жасырын жиындар жасап, "Х..." экстремистік ұйымының көзқарастарына жататын радикалды жазбаларды оқып беріп, жиынға қатысушыларды экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндірген.

Сотталушы кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады.


"Сот, жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында 5 жасөспірім балалары болуын, ал ауырлататын мән-жайларға қылмыстардың қайталануын жасағанын жатқызған",- делінген ақпаратта.

Қорытындылай келе, сот, А.-ны ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөліктерін қолданып түпкілікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды