Қазақстандық студенттер 2025 жылы қанша шәкіртақы алады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова 2025 жылғы 28 тамызда ОКҚ брифингінде биыл қанша талапкер грант иегері атанғанын айтты. Сондай-ақ, ол студенттердің шәкірақы мөлшерін де жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты, оның ішінде 160,5 мың адам немесе 76,3% жоғары білім алуға қажетті шекті балл жинады.

"Мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 мыңнан астамы жоғары білімге арналған. Конкурс қорытындысы бойынша гранттардың 99% игерілді. Қазіргі кезде барлық ЖОО-ларға қабылдау аяқталды", – деді спикер баспасөз конферециясы барысында.

Оның мәліметінше, биыл шәкіртақыны жыл сайынғы арттыру көзделген.

"2020 жылмен салыстырғанда олардың мөлшері іс жүзінде екі есе өсті. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттері үшін стипендия 52 372 теңгені, педагогикалық мамандықтар студенттері үшін – 84 000 теңгені, магистранттар үшін – 117 098 теңгені, докторанттар үшін – 262 500 теңгені құрайды", – деп түйіндеді ғылым және жоғары білім вице-министрі.

Бұған дейін Қазақстанда куәлік пен паспортты кімдер тегін рәсімдей алатындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті