Павлодардағы ферроқорыту зауытында ақау шығып, үш жұмысшы күйік алды

Сурет: kazchrome.com
Павлодар облысындағы ферроқорыту зауытында үш жұмысшы күйіп қалды. Балқыту цехында ақау шығып, жақын тұрған жұмысшыларға от лаулаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, куәгерлердің айтуынша, әуелі қою түтін шығып, іле-шала балқыған темір жан-жаққа шашырай бастаған. Осы сәтте пешке жақын тұрған үш жұмысшы қашып үлгермепті. Әсіресе 35 жастағы балқытушының денесінің жартысы күйіп қалған. Ауыр жарақат алған науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екеуінің жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Қазір, апат болған өндіріс ошағында арнайы комиссия мен полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр.

"Полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақсу қаласындағы зауыт пешінен ақау шығып күйіп қалған үш қызметкер ауруханаға жеткізілді".Жанар Біләлова, Павлодар облысының ПД ресми өкілі

Бұған дейін Ақмола облысында далада қансырап жатқан ер адамды полицейлер аман алып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты