Оның айтуынша, Сарбасов қазір күдікті ретінде танылған.
"Қазіргі таңда пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау қолданылды", – деді Әлемесов.
Ол осы іске қатысты тағы екі фигурантты атады.
"Сонымен қатар бұл істе онымен бірге тағы екі фигурант бар: бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Арғандыков және "ForteBank" АҚ-ның экс-төрағасы Омаров. Пара сомасы – 75 мың доллар", – деп толықтырды ол.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 1 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған Ақмәди Сарбасовтың ұсталғаны белгілі болған еді.