Қазақстанда кімдер әлеуметтік қолдаудан қағылады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) 2025 жылғы 11 қыркүйекте әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауда отбасылардың әл-ауқатын анықтайтын скорингтік модель енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарламаға сәйкес, қазірдің өзінде екі өңірде білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы бірқатар мемлекеттік қызметтер Еңбек министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы, скорингтік модельді қолдану негізінде пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылуда.

"Жаңа тәсіл республикалық бюджеттен берілетін барлық әлеуметтік төлемдерді сақтай отырып, қосымша қолдау шараларын жергілікті атқарушы органдар тарапынан нақты мұқтаж азаматтарға көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша көмек шын мәнінде қажет жандарға беріледі", – делінген ЕХӘҚМ хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, скорингтік модель жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін қосымша әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауда қолданылады. Оларға мыналар жатады:

"Отбасылардың әл-ауқаты 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық өлшемшарт бойынша анықталады. Қосымша қолдау алуға өтініш берген барлық отбасылар 6 санатқа бөлінеді: ең төменгі деңгейдегі мұқтаждықтан (тамаққа қаражат жетпеуі) бастап, жоғары әл-ауқатқа (қаржылық қиындықтардың болмауы) дейін. Шешімдер отбасылық цифрлық карта арқылы жиналған объективті деректер негізінде автоматты түрде қабылданады", – деп хабарлады министрлік.

Еңбек министрлігі атап өткендей, көмек бәріне бірдей емес, мұқтаждық деңгейіне қарай көрсетіледі. Бағалауда тек материалдық көрсеткіштер ғана емес (кіріс, мүлік, көлік, несие болуы) сонымен қатар материалдық емес факторлар да (денсаулық, мүгедектік, білім деңгейі), асырауындағы адамдар жүктемесі мен бейресми жұмыстан түсетін жасырын табыс та ескеріледі.

Екі және одан да көп үйі мен көлігі бар отбасылар әлеуметтік қолдаудан қағылады

"Екі және одан да көп тұрғын үйі, екі және одан да көп автокөлігі бар, тіркелген заңды тұлғасы (ЖШС, ЖК) бар, сондай-ақ бір мүшесіне шаққандағы айлық табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын отбасылар 6-санатқа – жоғары әл-ауқатты санатқа жатқызылады. Мұндай отбасылар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын алушылар тізімінен шығарылады", – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Ал 1–5 санат бойынша жіктелген отбасыларға қолдау шаралары автоматты түрде тағайындалады.

"Маңыздысы, скорингтік модельді енгізу республикалық бюджеттен төленетін кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерге (барлығы 41 түрі) әсер етпейді. Базалық және ынтымақты зейнетақы, бала тууға және бала күтіміне байланысты 1,5 жасқа дейінгі жәрдемақылар, көпбалалы және марапатталған аналарға төлемдер, мүгедектік бойынша және мүгедек бала күтіміне байланысты жәрдемақылар, асыраушысынан айырылғандарға төлем, арнайы мемлекеттік жәрдемақы және өзге де түрлері өзгеріссіз сақталады", – деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 5 түрлі әлеуметтік төлем де бұрынғы көлемде сақталады.

"Скорингтік модельді қолдану көмекке шын мәнінде мұқтаж азаматтарға қолдауды нысаналы түрде көрсетуге мүмкіндік береді", – деп толықтырды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Еңбек министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік төлемдердің қысқартылуына қатысты түсінік берген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды