Қазақстан құрамасы Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатында 7 "Үздік медальон" жеңіп алды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатында – EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Қазақстандық студенттер бірден 7 "Үздік медальон" иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпионатқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 үздік жас маман қатысты. Қазақстандық колледж студенттері 25 құзырет бойынша бақ сынады. Олардың қатарында веб-технологиялар, мехатроника, CAD инженерлік графикасы, желілік әкімшілендіру, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, мейрамхана сервисі, кондитерлік іс, автомеханика және басқа да бағыттар бар.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама төмендегі құзыреттер бойынша жоғары нәтиже көрсетті:

Ұлттық құраманы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  жеңісімен құттықтады. 

"Бұл жетістік техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Жұмысшы мамандықтар жылы біз қазақстандық колледждердің заманауи кадр даярлау орталықтарына айналып келе жатқанын, ал студенттеріміздің халықаралық аренада бәкеге қабілетті екенін көріп отырмыз. Студенттерді, педагогтерді, сарапшылар мен тәлімгерлерді тарихи жеңіспен құттықтаймын", - деді министр.

EuroSkills – WorldSkills қозғалысы аясында өткізілетін Еуропадағы ең ірі жас мамандар чемпионаты. Оның басты мақсаты – кадрларды даярлау саласындағы заманауи стандарттар мен жетістіктерді көрсету. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан 2 медальон жеңіп алды.Биылғы чемпионат Солтүстік Еуропадағы ең ірі көрме орталықтарының бірі MCH Messecenter Herning алаңында өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев