Тергеу барысында 44 жастағы ер адамның тұрғын үйлердің кіреберістеріне еркін кіріп, жалпы саны 70 су есептегіш құралды ұрлап кеткені анықталды.
Күдікті бейнебақылау камералары арқылы әшкереленді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция оның жеке басын анықтады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ күдіктінің бұрын жасалған басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.