Алматыда самокат мінген адам баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта самокат мінген адам баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бүлдіршін жарақат алған.

Zakon.kz тілшісі 2025 жылғы 15 қыркүйекте қалалық полицияның баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомство оқиғаны растады.

"Алматының Медеу ауданында электрсамокат жүргізушісі кәмелетке толмаған қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл дерек бойынша дереу тексеру басталған.

"Құқық бұзушының жеке басы жақын арада анықталады, ол заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазір тәртіп сақшылары кешенді іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Алматыда екі жасөспірім самокатпен келе жатып, ішінде сәбиі бар арбаға соғылған. Абырой болғанда, бала зардап шеккен жоқ.

Ал бүгін, 15 қыркүйекте самокат мінушілерге тротуарда жүруге тыйым салынатыны хабарланды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды