Ол бұл мәселедегі басты фактор – экономикалық тиімділік екенін атап өтті.
"Көп айтылатын сұрақтардың бірі – бұған экономикалық тұрғыдан қаншалықты тиімді деген мәселе. Жақында мен форумда қытайлық әріптестеріммен сөйлестім, олар: "Жоғары жылдамдықтағы пойыз экономикалық тұрғыдан тиімді болуы үшін маршруты бойынша шамамен 60 жұп пойыз болуы керек" дейді. Қытай үшін, бәлкім, бұл ешқандай проблема емес", – деді Ахметжанов.
Қазақстан үшін бұл қиындық тудырады, өйткені жеткілікті жолаушы жоқ.
"Жоғары жылдамдықтағы қозғалыс үшін не қажет? Арнайы жол керек – бұл инвестиция. Астана мен Алматы арасындағы инфрақұрылымды құру үшін кем дегенде 10 миллиард доллар қажет болады. Ал біз күн сайын қанша адам тасымалдаймыз? 3 мың ба, 4 мың ба? Бағасы қандай болады? Барлық есептеулер жүргізілді, және қазіргі таңда жоғары жылдамдықтағы магистраль салу экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Сондықтан жақын болашақта жоғары жылдамдықтағы пойыздар жүрмейді", – деп түйіндеді спикер.
Бұған дейін хабарланғандай, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтардың жолаушы вагондарының нашар жағдайына шағымданғанын айтқан еді.