Қазақстанда ауа температурасы +28°С-қа дейін жылынады

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері қазақстандықтарға 2025 жылғы 23, 24 және 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстікте күндіз найзағай күтіледі.

"23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал", – деді синоптиктер.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсетіні болжануда.

Қызығы, күздің алғашқы айының соңына таман Қазақстанның көп бөлігінде күндізгі температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін көтеріледі. Ал шығыс өңірлерде +10…+15°С-тан +15…+25°С-қа дейін жылы болады.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты