Қазақстанда картоп бағасы күрт қымбаттай ма

Фото: unsplash
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкіметтегі брифингте қазақстандықтарға картоп бағасы өткен жылғыдай күрт өседі ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер өткен жылы картоптың қымбаттауы көрші елдерден артқан сұраныспен байланысты болғанын еске салды.

"Иә, былтыр картоп бағасы едәуір өсті, себебі көрші мемлекеттерде сұраныс көбейді. Өткен жылы біз 2,6 млн тонна картоп жинап, оның 600 мың тоннасын экспортқа жібердік – бұл соңғы 10 жылдағы рекорд. Осы жағдай бағалардың көтерілуіне әсер етті", – деп түсіндірді министр.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биыл картоп егіс алқабы ұлғайтылған.

"Осы жылы 2,7 млн тонна өнім алуды болжап отырмыз, қазіргі таңда 1,8 млн тоннасы жиналды. Фермерлердің сату бағасы – 80–120 теңге/кг. Қазір Сауда министрлігімен бірлесіп, тұрақтандыру қорына сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ сауда үйлерінен қыста емес, алдын ала келісімшарт жасауын сұрап отырмыз. Өткен жылы мұндай жұмыс жүргізілген жоқ. Қазір екі министрлік бірігіп, кім қанша өнімді қандай бағамен сататынын анықтап берді. Барлық шара уақытылы жасалса, өткен жылғы жағдай қайталанбайды деп ойлаймын", – деді Сапаров.

Бұған дейін министр 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанда азық-түлік өндірісі 10,1%-ға артып, 2,5 трлн теңгеге жеткенін хабарлаған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді