Депутат науқастарды тасымалдайтын әуе кемелерінің қауіпсіздігін сынға алды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Депутат Темір Қырықбаев 8 қазанда өткен парламент мәжілісінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 1980 жылдары сериялы өндірісі тоқтатылған кеңестік Як-40 әуе кемелері Қазақстан аумағында әлі күнге қолданыста екенін айтты.

"Бүгінде бұл әуе кемелеріне 44 пен 55 жыл болып отыр. Яғни, авиацияның әлемдік паркінің орташа шекті жасынан екі есеге ескі, ол әлемдік стандарт бойынша 15-20 жылдан аспауы керек. Як-40 ұшақтарының ресурсы таусылған, сондай-ақ, өткен ғасырдың 60-жылдары жасалған АИ-25 қозғалтқыштармен жабдықталған. Ал, араға жиырма жыл салып бұл қозғалтқыштардың өндірісі тоқталды. 2022 жылдан бастап "Мотор Сич" кәсіпорны қирауға ұшырады, жабдықтардың бір бөлігі демонтаждалды. Осылайша қазір АИ-25 қозғалтқыштарымен оларға арналған сертификатталған қосалқы бөлшектердің өндірісі тоқтатылған. Ал, халықаралақ жеткізілімдер мүлдем жоқ",- деді ол.

Осыны айта келе, депутат аталмыш ұшақтарды пайдалану Еуропалық одақ ауданында 2002 жылдың 1 сәуірінде тоқтатылғанын, ал елімізде олар маңызды салада қызметте екеннін баса айтты.

"Қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін Як-40 әуе кемелері елімізде санитарлық авиацияда, яғни науқастарды тасымалдауда. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді және еліміздің әлем алдындағы беделіне нұқсан келтіреді". Темір Қырықбаев

Халық қалаулысы мәселенің шешу жолдарын да қарастырып көріп, келесідей ұсыныстар әзірледі:

  1. Як-40 әуе кемелерінің адам өміріне қауіп төндіруіне байланысты Қазақстанда одан әрі пайдалануды тоқтатуды;
  2. Ағымдағы жол соңына дейін Як-40 әуе кемелерін кезең-кезеңімен пайдаланудан шығару кестесін ұсынуды;
  3. Ескірген әуе кемелерінің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін заманауи әуе кемелерін ауыстыру бағдарламасын әзірлеп, оны бекітуді;
  4. Елімізді қоршаған ортаға және мемлекеттік мүдделерге қатер төндірмейтін ұшақтармен қамтамасыз етуді.

Бұған дейін белгілі ғалым-заңгерлер, сарапшылар мен депутаттар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіргенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты