Еңбек нарығындағы жаңа көрсеткіш: қазақстандықтар қанша табады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2025 жылы медианалық жалақы мөлшері 317 512 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюроның дерегінше, зерттеу еліміздегі барлық ірі кәсіпорындарды және орта мен шағын кәсіпорындардың 30%-ын қамтыған. Есептеу кезінде барлық үстемеақы, сыйақы, салық және зейнетақы жарналары ескерілді.

Толық ай жұмыс істеген қызметкерлер саны – 3 338 340 адам. Оның ішінде ерлер – 48,5% (1,62 млн), әйелдер – 51,5% (1,72 млн).

"2025 жылы медианалық жалақы 317 512 теңге болды. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 285 677 теңгені құраған. Яғни бір жыл ішінде медианалық жалақы 11,1%-ға артты", – делінген бюро хабарламасында.

Орташа айлық жалақы 410 965 теңгені құрады.

Анықтама ретінде: медианалық жалақы – бұл қызметкерлерді екі тең топқа бөлетін көрсеткіш, яғни жартысы осы сомадан аз табыс табады, ал екінші жартысы – көбірек. Сондықтан медиана халықтың нақты табысын дәлірек көрсетеді, себебі орташа жалақы жоғары табыс алатын аз ғана топтың әсерінен бұрмалануы мүмкін.

Айта кетейік, 2025 жылғы 9 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, қазақстандықтың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін оның табысы кем дегенде медианалық деңгейден төмен болмауы тиіс.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды