Президент қазақ жастарының орыс тілін жетік меңгергені маңызды деп есептейді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілінің елдер арасын жақындастыратын ортақ құндылық екенін атап өтіп, қазақ жастарының оны жетік меңгеруінің маңызын айтты. Сонымен қатар, бұл талап қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға кедергі болмайтынын да жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл орайда елдерімізді біріктіретін, жалпы ортақ құндылығымыз саналатын орыс тілінің орны ерекше. Бірлескен күш-жігердің арқасында Халықаралық орыс тілі ұйымын құрғанымыз қуантады. Оның штаб-пәтері Сочи қаласында орналасқан. Ел алдында сөйлеген сөздерімде қазақ жастарының орыс тілін жетік меңгергені маңызды екенін айтып жүрмін. Бірақ бұл талап қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстарға кедергі келтірмейді. Құдай берген ана тілдеріміз конституциялық тәртіппен мемлекеттік мәртебеге ие болды. Сондықтан қазақ тіліне бұрынғыдай көңіл бөліне береді". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол сондай-ақ жастар биліктің қолдауымен екі, тіпті үш-төрт тілді оңай меңгере алатынына сенімді екенін айтты.

"Мұндай мысалдар әлемде аз емес. Анығын айтқанда, Қазақстандағы жағдай осындай. Еліміздің әр азаматы өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге құқылы. Бұл – "Бірлігіміз – әралуандықта" деп аталатын ұлттық саясатымыздың өзегі", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды