Түркістан облысының 8 жастағы тұрғыны әкесіне телефон жөндеуге көмектесіп жүр

Фото: unsplash
Түркістан облысының 8 жастағы тұрғыны Айдын Бақытжан істен шыққан гаджеттерді бөлшектеп, жөндеуде әкесіне көмектеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арнаның" мәліметінше, Айдын кейбіреулер телефондарын суға түсіріп алады, ал енді біреулер экрандарын сындырып әкеледі дейді. Бос уақытында ол тек смартфондардың құрылымына ғана емес, компьютерлер мен өзге де гаджеттердің жұмыс істеу жүйесіне де қызығушылық танытады.

Болашақта Айдын инженер немесе IT-маман болуды армандайды. Қазір оның ең ұнататын ісі — экран мен батарея ауыстыру.

Ата-анасы баласының бұл қызығушылығын қолдап, әрдайым жігерлендіріп отырады.

"Мен қорықпауға тырысамын, бірден іске кірісемін. Өзіме сенемін", — дейді жас техник.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек