"Сұңқар – еркіндіктің, биіктіктің және кең даланың символы. Алайда бұл айбынды құстар да кейде адам құрбанына айналады. Жақында полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының арқасында заңсыз ұсталған сұңқарлар босатылды", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Аталған жағдай бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тәркіленген құстар арнайы мамандардың қарауына беріліп, қазіргі уақытта олардың жағдайы бақылауда.