Алматыдағы Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, қала Экология және қоршаған орта басқармасы және "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп Аюсай шатқалында сенбілік ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтарды тазарту, ұлттық парктің экожүйесін сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Акцияға қатысушылар шатқал аумағын тұрмыстық қалдықтан тазартып, жапырақтылар, қылқанжапырақтылар мен жеміс ағаштарының 100 көшетін отырғызды. Бұл Алматының жасыл белдеуін кеңейтуге және табиғи ортаға оң әсер етуге мүмкіндік береді.

"ECO Network" экологиялық қозғалысы қала әкімдігінің "Эко-Хаб" жобалық кеңсесімен бірлесіп интерактивті экоаймақ ұйымдастырды. Қонақтарға пластикті қайта өңдейтін велосипед-шредердің жұмысы көрсетілді, қайта өңделген шикізаттан жасалған бұйымдар ұсынылды, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған экобокстар орнатылды. Сенбілік барысында 1000-нан астам пластик бөтелке мен алюминий құтылары жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.

Игі іске 500-ден астам адам қатысты: мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық парк қызметкерлері, Полиция департаменті, жоғары оқу орындары, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ қала тұрғындары бар.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді