Журналистер елде 2026 жылы дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды деген қауесеттерге түсініктеме беруін сұрады.
"Бізде ондай ақпарат жоқ. Біз дәріханалардағы бағаларды қадағалаймыз. Қазан айында халық ең көп сатып алатын 50 дәрі-дәрмектің бағасын салыстырдық. Мониторинг жүргіздік, орта есеппен олардың бағасы 10-11%-ға төмендегені байқалады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады деп үміттенеміз", – деді Бауыржан Жүсіпов.
Ең айқын баға төмендеуі – жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған дәрілерде, антибиотиктерде және қабынуға қарсы препараттарда.
"Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақтелеком" компаниясымен бірлесе отырып, Naqty Onim мобильді қосымшасында цифрлық қызметті іске қосты. Бұл қызмет арқылы әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады және бағаның қымбаттауына шағым бере алады. 2024 жылғы шілдеден бастап Қазақстандағы барлық дәрілер міндетті түрде таңбаланады. Бұл пациенттерді жалған дәрілерден қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық қадағаланады", – деп еске салды Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Тимур Мұратов.
2025 жылғы 11 қарашада Тимур Муратов халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және медициналық ұйымдардың қоймаларындағы қорларды уақтылы толықтыру үшін Біріккен дистрибьютор арқылы 21 млрд теңге көлемінде төмендетілмейтін қор құрылатынын хабарлады.