Энергетика вице-министрі қызметінен кетті

Сурет: primeminister.kz
Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі 2025 жылғы 11 қарашада мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек берген өтінішіне сәйкес энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Құдайберген Арымбек 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады. 

2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды. 

2021 жылдан бастап 2024 жылғы шілдеге дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды. 

2024 жылғы шілдеден бүгінге дейін ҚР энергетика вице-министрі болып еңбек етті.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты