Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға тыйым ұзартылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 қарашада "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен алты ай мерзімге шығаруға тыйым салынады.

Тыйымнан тыс жағдайлар:

Бұйрық 2025 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тыйымды ұзарту туралы шешім биылғы жылдың қазан айының басында өткен Сыртқы сауда жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданған.

Еске салайық, 2025 жылдың мамыр айының ортасында Қазақстанда ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газы, пропан және бутанды автомобиль және теміржол көлігімен сыртқа шығаруға салынған алдыңғы алты айлық тыйым да ұзартылған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан мұнай өнімдерін шығаруға тыйымды да ұзартқаны хабарланған еді.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады